Олжас Бектенов Новгород облысының губернаторымен кездесті

Өңіраралық ынтымақтастық, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және білім беру салаларындағы өзара іс-қимыл жайы.

Осы және өзге де мәселелерді бүгін Үкімет басшысы Олжас Бектенов Ресейдің Новгород облысының губернаторы Андрей Никитинмен талқылады, деп хабарлайды 24kz.

Айта кету керек, Новгород облысының делегациясы жұмыс сапары аясында Ұлытау облысына да барып, өңірдің өнеркәсіптік әлеуетімен танысты. Қазақстан Президентінің тапсырмасы бойынша салынған «Жошы хан» тарихи-мәдени кешеніне де ат басын бұрды.