Бо Ли: ХВҚ Қазақстанмен ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделі
Moody's агенттігі Қазақстанның егемендік рейтингін тұрақты болжаммен Baa1-ге дейін көтерді.
Бұл тәуелсіздік жылдарындағы ең жоғарғы көрсеткіш. Яғни экономиканы әртараптандыру қарқынының орнықтылығын растайды. Бұл туралы Олжас Бектенов пен халықаралық валюта қоры басқарушы директорының орынбасары Бо Ли кездесуінде сөз болды. Еліміз қорға 1992 жылдан бері мүше. Былтыр Алматыда ашылған Кавказ, Орталық Азия және Моңғолия елдері үшін Әлеуетті дамыту жөніндегі Халықаралық валюта қорының өңірлік орталығы ынтымақтастыққа жаңа серпін берді. Мемлекет басшысының бастамасымен ел үкіметі Ұлттық банкпен және Қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігімен бірлесіп сапалы экономикалық өсімге қол жеткізуге бағытталған дәйекті саясат жүргізуге ниетті. Халықаралық валюта қорының басқарушы директорының орынбасары Бо Ли де Қазақстанмен тығыз және сындарлы ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделілігін атап өтті.