Италия АЭС салуға инвестиция құюға ниетті

Еуропада жыл өткен сайын электр энергиясына сұраныс артып келеді, деп хабарлайды 24kz.

Ал жаңартылған энергия көздері халықтың қажеттілігін толық қамтамасыз ете алмайды. Бұл ретте Италия араға 30 жыл салып қайтадан атом энергетикасына оралмақ. Ел билігі қазба отынына деген тәуелділікті төмендетуді көздеп отыр. Себебі оның басым бөлігі сырттан әкелінеді. Италия үкіметі көп ұзамай ел заңнамасына өзгерту енгізбек. Соның арқасында шағын модульді реакторларға инвестиция тартуға жол ашылады. «Сондай-ақ атом электр станциялары 2050 жылға қарай Ұлттық энергияға сұраныстың 11% дейін қанағаттандыра алады»,– дейді сарапшылар.