Қ.Тоқаев Германия канцлері мен Орталық Азия басшыларына ризашылығын білдірді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия + Германия саммитін ашты, деп хабарлайды 24kz.
Мемлекет басшысы алдамен жиынға қатысқаны және өңірлік кооперацияға қолдау көрсеткені үшін Федералдық канцлер Олаф Шольц пен Орталық Азия басшыларына ризашылығын білдірді.
«Біздің кездесуіміз бірлескен жұмысты қорытындылап қана қоймай, кооперацияны одан әрі тереңдетудің жаңа бағыттарын айқындауды мақсат етеді. Бүгін сауда, инвестиция, энергетика, экология, көлік-логистика, білім-ғылым сияқты салаларға қатысты маңызды мәселелерді талқылаймыз», - деді Мемлекет басшысы. Оның пікірінше, бүгін «Орталық Азия – Германия» форматындағы көпжақты ынтымақтастық тарихында жаңа кезең басталады.