Шымкентте дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерінің басшысы сотталды

Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сот мемлекеттік мекеменің жетекшісі мен бухгалтеріне қатысты үкім шығарды.

Олар жұмыста болмаған қызметкерге заңсыз жалақы төлеп, 3,4 млн теңге бюджет қаражатын жымқырған. Сотталушылар өмір бойына мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айырылды. Сондай-ақ 2 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.