Аралды құтқару қорының басым міндеттері талқыланды
Арал теңізі бассейнінде су ресурсын есепке алып, мониторинг жүргізудің, оны басқарып-бөлудің бірыңғай автоматтандырылған жүйесі әзірленеді.
Осылайша, күзгі-қысқы кезеңде электр энергиясының, ал жазғы кезеңде суармалы судың тапшылығы жойылмақ. Бүгін Үкіметте Премьер-министр Орталық Азия елдері делегациясы басшыларымен Аралды құтқару қорының басым міндеттерін талқылады. Олжас Бектенов су-энергетика саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту қажеттігін атап өтті. Айта кетейік, Қазақстан 2024-2026 жылдар аралығында Халықаралық Аралды құтқару қорына төрағалық етеді. Осы орайда еліміз халықаралық ұйымның құрылымын және шарттық-құқықтық базасын жетілдіруге кіріскен.