Т.Дүйсенова: Әлеуметтік нысандарды энергиямен қамту үшін АЭС қажет
Атом электр станциясына деген қажеттілікке әлеуметтік тұрғыдан қарау керек.
Ақтөбе облысына барған Премьер-министрдің орынбасары педагогтермен кездесуінде осы мәселеге тоқталды. Тамара Дүйсенованың айтуынша, елімізде 8 мыңға жуық мектеп, 6 мыңдай медициналық ұйым, 10 мыңға тарта мектепке дейінгі мекеме бар. Олардың саны алдағы уақытта өсе береді. Демек, электр қуатына деген сұраныс та артады. "Мәселенің бірден-бір шешімі – АЭС салу", - дейді вице-премьер. Мәселен, халқының саны жылдан жылға өсіп жатқан Өзбекстан да бүгінде атом энергиясына бет бұрған.
Тамара Дүйсенова, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:
- Атом электр станциясынан қорқатын жағдай жоқ. Бізде Астана, Алматы қаласында 1959 жылдан бастап мына институт ядерной физики жұмыс істейді. Сол жерде дәл атом электр станциясының реакторы тұр. Бірақ олар ғылыми жұмыспен шұғылданады. Алматының дәл ортасында. Ешқандай реакция жоқ. Ешқандай азаматтар реактордан бірнәрсе алып жатқан жоқ. Сондай-ақ жеріміздің астында тұрған уранды таблетка шығарып пайдалану да бар.