Энергияның орнықты баламалы көзі қажет – О. Бектенов

Еліміздегі энергетика секторының 70%-ға жуығы көмір электр стансыларына тәуелді.

«Өкінішке қарай, республика көлеміндегі жылу электр орталықтарының көбі тозған. Мәселен, Ақтөбе облысы және Қазақстанның солтүстік өңірлері Ресейден электр қуатын сатып алып отыр. Сондықтан ұзақмерзімді энергетикалық тұрақтылық үшін елімізге энергияның орнықты баламалы көзі қажет», — деді Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барған Премьер-министр О. Бектенов. Премьер-министр Бадамша ауылындағы бірқатар нысанды аралады. Үкімет басшысына «Бадамша», «Бадамша-2» жылу электр станциясының жұмысы туралы баяндалды. Іске асырылуына 69 млрд теңге жеке инвестиция бағытталған бұл энергетикалық турбиналар Қазақстандағы ең ірісі болып саналады. Жоба шеңберінде шамамен 37 мың үй шаруашылығының қуат тұтыну көрсеткішіне тең энергия өндіріледі. Сонымен қатар Премьер-министр Жаңаөзен қаласындағы гибридті электр стансысының іске асырылу барысымен танысты. Олжас Бектенов экономикалық тұрақтылықты экологиялық тұрақтылықпен үйлестірудің маңызды екенін баса айтты.