Қазақстан халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға үлес қосып келеді

Халықаралық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етудің маңызы зор.

Бұл тек Орталық Азия үшін ғана емес, жалпы әлемдік қоғамдастық үшін өзекті мәселе. Қазір еліміз күн тәрті­біндегі халықаралық және аймақ­тық мәселелерді нақтылап, оларды ше­шу жолдарын ұсынып қана қой­май, өзіндік батыл іс-қимылдары­мен көптеген түйткілдерді оңтай­лан­дыруға атсалы­сып келеді, дейді саясаттанушы Жанерке Қайратқызы.

Жанерке Қайратқызы, саясаттанушы:

- Қазақстан Орталық Азиядағы ең үлкен күш деп айтуға болады. Бұл экономикасының көлемі бойынша және жер көлемі бойынша алдыңғы рөлде. Сол себепті Қазақстандағы ішкі тұрақтылықты сақтау, Қазақстанның көршілерімен бейбіт өмір сүруі Орталық Азия регионындағы тыныштыққа тікелей әсер етеді. Қазақстан бұл рольді өте жақсы алып келе жатыр. 1992 жылдан бері мемлекетіміз БҰҰ толыққанды мүшесі. 2017-2018 жылдары қауіпсіздік кеңесінің мүшесі саналды. Бұл да Қазақстанның бітімгерлік ролінің орындалуы деп қарауға болады.