Елге көмірқышқыл газын аз шығаратын қуат көзі қажет

Көмірқышқыл газын азайту үшін өндіріске инновация енгізу қажет.

Бүгін АЭС салуды қолдау жөніндегі штаб жұмысы Павлодар өңірінде жалғасты. Мәулен Әшімбаев бастаған депутаттар, сарапшылар мен қоғам қайраткерлері алдағы референдумның маңызын көпшілікке жеткізді. Штаб мүшелері Еуразиялық энергетикалық корпорациясының және Қазақстан алюминийі компаниясының ұжымымен кездесуде энергетика саласындағы тапшылыққа тоқталды. Электр стансаларының тозуы мен импортқа тәуелділік те өзекті. Сенат төрағасы ауаға көмірқышқыл газын барынша аз шығаратын энергия көздерін тарту қажеттігін атап өтті. Бұдан соң, штаб мүшелері өңірдің белсенді жастарымен кездесті.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы:

- Біз дамыған мемлекет болуымыз үшін ғылымның білімнің мүмкіндіктерін кеңірек пайдалану керекпіз. Біз заманауи бағыттарды дамытқанымыз шарт. Барлық мақсаттарымызға жету үшін мықты мемлекет болуымыз үшін біз 6 қазанда жақсылап тұрып, референдумды өткізуіміз керек. Ол үшін сіздер өз еріктеріңізбен сол үлкен шараға келіп, дауыстарыңызды беріп, өз жақындарыңызды, туыс-семьяларыңызды алып кеп, дауыс беруіміз керек.