Қ. Тоқаев Түркістан өңіріндегі инвестжобалармен танысты
Президенттің Түркістанға жұмыс сапары өндірістік паркте жалғасты.
«SPK TURKISTAN» индустриялық алаңының құрылысы 100 гектар жерге салынады. Бірінші кезеңінде 30 гектар жер телімі бөлініп, тиісті инфрақұрылыммен және коммуникация желілері қамтамасыз етілді. Нәтижесінде құны 100 миллиард теңгеге жуық 29 инвестициялық жоба іске асып жатыр. Жаңадан 712 жұмыс орны ашылды. Мемлекет басшысы көкөніс сақтау қоймасымен танысты. Одан кейін жаңбырлатып және тамшылатып суару жүйелерін шығаратын өндіріс цехтарын аралады. Кәсіпорын алдағы уақытта тамшылатып суару қондырғыларын шығаратын екі зауыт ашуды көздеп отыр.
Алмас Дүйсебайұлы, "BNK Group" серіктестігінің өндіріс жөніндегі директоры:
- Артықшылығымыз – біз Орталық Азиядағы бірінші зауытпыз. Себебі шикізаттың бәрі өзімізден шығып жатыр, цех, сальник бәрін Қазақстаннан алып жатырмыз. Айырмашылығымыз – бізде автоматтандырылған құрылғылар, робот. Адамның күшін көп қажет етпейтін, компьютерлік роботтар жұмыс істейді. Бәсекелестікке келетін болсақ, біздікі арзандау болады. Себебі бізде шикізат жағынан өзіміз арзандап істеп шыққан кейін 20-30 пайызға арзан келеді конкуренттерге қарағанда.