Нью-Йоркте АҚШ пен Орта Азия елдерінің өкілдері кездесті
Орта Азия елдерінің сыртқы істер министрлері мен АҚШ мемлекеттік хатшысы Нью-Йоркте бас қосты.
С5+1 форматындағы өңірлік платформа Орта Азиядағы бес мемлекет пен АҚШ арасындағы әріптестікті тереңдету бағытында құрылған. Келесі жылы осы ынтымақтастыққа 10 жыл толады. БҰҰ Бас ассамблеясының 79-шы сессиясы аясында өткен басқосуға Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу қатысты. Тараптар қауіпсіздік саласындағы ортақ мақсаттарға қол жеткізу, трансұлттық сын-қатерлерді шешу, экономикалық әл-ауқат және әйелдер құқықтарын кеңейту сияқты бірқатар мәселені талқылады. «АҚШ сіздердің тәуелсіздіктеріңіз бен территориялық тұтастықтарыңызды әрдайым қолдайды», – деді Энтони Блинкен.