Қазақстан АЭС-ті білікті жұмыс күшімен қамтамасыз етуге қауқарлы

Қазақстанның атом электр станциясын білікті жұмыс күшімен қамтамасыз етуге әлеуеті жетеді.

Өйткені бұл елдің бай уран ресурстары мен ядролық зерттеулер бойынша бағдарламаны дамытудағы тәжірибесі мол. Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік жобасының менеджері Чираю Батра осылай дейді. Сарапшының сөзінше, басқа елге қарағанда Қазақстан үшін нормативтік база құрып, атом стансаларын пайдаланудың әдіс-тәсілін әзірлеу әлдеқайда жеңіл.

Үндістан

Чираю Батра, АЭХА жоба менеджері:

- Қазақстан коммерциялық атом энергетикасы саласына енді қадам басқанымен, бұл Қазақстан үшін жаңалық емес. Өйткені елдің уран ресурсы мен ядролық зерттеулер бойынша тәжірибесі бай. Бұл Қазақстанның ұлттық ядролық бағдарламаны дамытуына неғұрлым тиімді жағдай жасайды.

АҚШ

Уильям Фрибэрн, "S&P Global Commodity Insights" корпорация директорының орынбасары:

- Қазір дүние жүзі үшін атом энергетикасын дамытудың маңызды кезеңі. Әсіресе климаттық өзгерістерге қатысты мәселелер шиеленіскен тұста оның шешімі ретінде тұрақты, экологиялық таза электр көзі атом энергетикасын ұсынудың ролі орасан.