Саясаттанушы: «Хезболла» Израильге қарымта жауап береді

Хезболлалықтар ұйым жетекшісі Хасан Насралла мен өзге де бірлестік мүшелерінің қазасы үшін Израильге қарымта жауап беруі мүмкін.

Бұл Таяу Шығыстағы жағдайды одан әрі ушықтырады және ондағы ахуал Орталық Азия елдеріне де өз әсерін тигізеді.

Белгілі саясаттанушы Жанат Момынқұлов осылай дейді. Сарапшы майдан даласындағы демократияға әлем елдері бірігіп ден қою керектігін айтты. Ол қазір бұл іске Біріккен ұлттар ұйымы мен АҚШ ниетті екеніне де тоқталды.

Жанат Момынқұлов, саясаттанушы:

- Танымал, үлкен харизмасы бар, соңғы 30-40 жылда Таяу Шығыстағы ең белді, беделді тұлғалардың осылай өлтірілуі, тек оның ғана емес, «Хезболланың» әскери қолбасшыларымен бірге кейбір деректері бойынша қызы да өлді деп жатыр. Бұл үлкен шок Иран үшін, «Хезболла» үшін. Қатты әсерлер болады осы аймаққа. Өйткені бұл Израильдің мен күштімін деген сигналы.