Қазақстан шығаратын АЭС отынына шетелден сұраныс бар
Елде атом электр станцияларына арналған отын өнідіріледі.
Қазақстандық шикізатқа шет елдерде сұраныс жоғары. Мәселен, алдағы уақытта Три-Майл-Айланд атом электр станциясында Канадалық өніммен қатар, біздегі уран қолданыла бастайды. Қазір нысанды қайта қалпына келтіріп жатыр. Жөндеу жұмыстарын Microsoft компаниясы жүргізеді. Станция қайта жаңғырса, компания Қазақстанмен әріптестік байланыс орнатуға ниетті. Бұл туралы америкалық атам энергетика саласының сарапшысы Марк Нельсон мәлімдеді. Ол Қазақстанның атом өнеркәсібіндегі мүмкіндігі мол екенін жеткізді.
Марк Нельсон, Radiant Energy Group компаниясының басқарушы директоры /АҚШ/:
- Атап өту керек бұл атом станциясында Канададан өзге, қазақ ураны қолданылады. Microsoft компаниясы ядролық энергия қажеттілігін Қазақстан арқылы шешкісі келеді. Яғни сіздің елдің шикізаты қолданылады. Мұны Қазақстан халқы білуі керек деп ойлаймын. Менің ойымша, бұл мақтан тұтарлық жағдай.