Қазақстанның Ливандағы елшілігі ел азаматтарына үндеу жолдады

«Ливандағы жағдайдың күрт шиеленісуіне байланысты осы елдегі Қазақстан азаматтарын қауіпсіздік талаптарын мүлтіксіз ұстануға шақырамыз». Қазақстанның Ливандағы елшілігі осындай үндеу жолдады.

Елшілік халықаралық рейстер бар кезде Ливаннан кетуге кеңес береді. Сондай-ақ жергілікті билік орындарының нұсқауын мүлтіксіз орындап, ел ішіндегі жүріс-тұрысты мейлінше азайту қажеттігін жеткізді. «Ахуал оңалғанша Оңтүстік пен Бекаа жазығындағы азаматтарға қауіпсіз саналатын елдің орталық және солтүстік өңірлеріне уақытша көшу қажет», – деді.