О.Бектенов Еревандағы Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысты

Премьер-министр Еревандағы Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысты, деп хабарлайды 24kz.

Алқалы жиында ұйымға мүше елдердің үкімет басшылары бірлесіп, Одақтың экономикалық үдерістерді цифрландыру перспективаларын талқылады. Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Еуразиялық экономикалық одақ шеңбері аясында цифрландыруға ерекше көңіл бөліп отырғанын айтты. Және мемлекетаралық деректер мен электронды құжаттар алмасуға мүмкіндік беретін Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін толық енгізу қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ отырыста сауда, көлік, логистика және Аграрлық Өнеркәсіптік кешен салаларындағы өзара іс-қимылды одан әрі нығайту шаралары қаралды.