Референдум: Ливанда дауыс беру учаскесі болмайды

6 қазан күні АЭС салу мәселесі бойынша референдум кезінде Ливанда сайлау учаскесі болмайды.

Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман айтты. Себебі онда әскери қақтығыстар жүріп жатыр. Қазақстан аумағынан тыс 73 сайлау учаскесі құрылған. Отандастарымыз әлемнің 61 елінде дауыс бере алады.

Мұхтар Ерман, Орталық референдум комиссиясының хатшысы:

- Бүгін ғана Сыртқы істер министрлігімен консультация жүргіздік. Әріптестерімізден Ливандағы бір дауыс беру учаскесі болмайтыны туралы ақпарат түсті. Бұл елде кең ауқымды әскери қимылдар жүріп жатқаны белгілі. Жағдай өте ауыр. Азаматтарымыздың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруге болмайды. Сондықтан да 61 елде 73 учаске болады. Онда учаскелік комиссиялар құрылып, қызметін заң аясында жүзеге асырады.