Венадағы дауыс беру учаскесі референдумға дайын
Атом электр станциясының құрылысына қатысты референдумда дауыс беруге арналған Венадағы номері 372-учаске толығымен дайын.
Ол Қазақстанның Австриядағы елшілігі ғимаратында орналасқан. Қазанның алтысында осы елде уақытша жүрген немесе өмір сүріп жатқан қазақстандықтар осында келіп таңдауын жасай алады. Бұдан бөлек, Австрияға келетін ұлттық құрама футболшылары үшін портативті дауыс беру жәшігі қарастырылған. Естеріңізге сала кетейік, Конференция лигасы аясында матч өткізу үшін Қазақстан құрамасы жуырда Линц қаласына барады.
Ермұхан Баймұрынов, референдум учаскесі комиссиясының төрағасы
- Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы елшілігінде номері 372 –ші референдум учаскесі құрылды. Біздің участок бойынша 173 қазақстандықтар тіркелді. Олардың ішінде осы Австрияда уақытша және тұрақты тұратын қазақстандықтар – студенттер, осы Венада орналасқан халықаралық ұйымдарда жұмыс жасайтын азаматтарымыз және басқа ұйымдарда жұмыс істейтін Қазақстан азаматтары. Бұған қоса біздің елшіліктің қызметкерлері және олардың отбасы мүшелері. Біздің комиссия барлық қазақстандықтардан референдумге белсенді қатысуын күтудеміз.