Елде 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап кассациялық сот өз жұмысын бастайды
Мұнда кадрлық құрам тәжірибелі судьялардан жасақталуы керек. Бұл жөнінде Судьялардың ІХ съезінде сөз сөйлеген Президент айтты.
Мемлекет басшысының сөзінше, кассациялық соттардың дербестігі азаматтарымыздың сот төрелігіне қол жеткізуіне мол мүмкіндік беріп, инвестиция тартуға, бизнес жүргізуге оңтайлы жағдай жасайды. Ең бастысы, бұл әділдік қағидаттарын және құқық үстемдігін толық жүзеге асыруға ықпал етеді. Сонымен қатар бұл қадам Жоғарғы соттың жүктемесін азайтады. "Енді Жоғарғы сот органы сот практикасының бірыңғай болуын қамтамасыз ету жөніндегі міндетіне алаңсыз кірісе алады", – деді Президент.