Шымкентте мүгедектігі бар 3615 адам референдумда таңдау жасай алады
Шымкентте мүгедектігі бар 3615 адам референдумда өз таңдауын жасай алады.
Олардың дауыс беру құқығы қатаң сақталу үшін 344 сайлау учаскесінің басым бөлігіде брайль қарпі бар кабина жасақталды. Көзі нашар көретін және нашар еститін азаматтарға аудио-бейне құрылғылар мен әріп үлкейткіштер қойылған. Сонымен қатар оларды тасымалдауға 28 инватакси әзірленіп, сурдоаудармашылар қызметі пысықталды. Айта кетейік, қалада дауыс беруге құқылы 660 мыңнан астам азаматқа шақырту жіберілген. Бұған дейін өткізілген науқанмен салыстырғанда дауыс берушілер саны 20 мыңға артып отыр. Бұл күні барлық жолаушы қоғамдық көліктерде тегін қатынай алады.
Сәкен Мәжінбеков, №101 сайлау учаскесінің төрағасы:
- Біздің сайлау учаскемізге тіркелген қала тұрғындарының жалпы саны 1352 адам. Бұның алдындағы болған сайлау кезінен білеміз біздің аймақта тұратын 4 мүмкіндігі шектеулі азаматтың бар екенін. Қазір дайындық жан-жақты пысықталып, біздің учаскедегінің бәрі тестті аман-есен тапсырды. Барлығы заңнама талаптарына сай.