Үкіметте Алатау қаласын дамыту жөніндегі жобалық кеңсе отырысы өтті

Үкіметте Алатау қаласын дамыту жөніндегі жобалық кеңсенің бірінші отырысы өтті, оны вице-премьер Қанат Бозымбаев басқарды.

Жобалау кеңсесі отырысына қатысушылар заңнамаға қажетті өзгерістер енгізу және инвесторлар тарту рәсімдерін жеңілдету сынды негізгі жұмыс бағыттарын анықтады. «Шетелдік инвесторлардың негізгі тілектерінің бірі – “бір терезе” қағидаты бойынша қызмет көрсету, инвестициялық цикл бойы қолдау және сервистік қызмет көрсету. Сондықтан Алматы облысының әкімдігі мен Инвестиция комитеті Алатауда осыған сай экожүйе құруы қажет», — деп атап өтті Қанат Бозымбаев.