Е.Қарин: ТМД мен Орталық Азияда мұндай референдум бұрын-соңды өтпеген
ҚР Мемлекеттік кеңесшісі алғашқылардың бірі болып, Ұлттық кітапханада орналасқан №164 референдум учаскесінде дауыс берді, деп хабарлайды 24kz.
Ерлан Қариннің айтуынша, ТМД мен Орталық Азия аумағында референдум өткізіп отырған жалғыз ел – Қазақстан. Мұндай маңызды мәселе бұрын-соңды референдумда талқыланған емес.
Ерлан Қарин, ҚР Мемлекеттік кеңесшісі:
- ТМД кеңістігіндегі, Орталық Азияда осындай мәселе бойынша референдум өткізіп отырған жалғыз, бірден-бір мемлекетпіз. Мұның өзі де көп нәрсені аңғартады. Елімізде мемлекет пен қоғам, азаматтар арасында мемлекеттің болашақта дамуын анықтайтын өзекті мәселелер бойынша өзара кеңесу, талқылау жаңа саяси дәстүрі қалыптасып келе жатқандығын.