Референдумда дауыс берген Мәжіліс депутаттары пікір білдірді

Бүгін референдумда дауыс берген бірқатар Мәжіліс депутаттары пікір білдірді, деп хабарлайды 24kz.

Депутат Анас Баққожаевтың айтуынша, референдум заман талабына сай шешім қабылдау үшін таптырмас құралға айналды. Ал депутат Қарақат Әбден дауыс беру әр азаматтың ел алдындағы борышы екенін айтып, ел тұрғындарын референдумға бір кісідей атсалысуға шақырды.

Анас Баққожаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Соңғы референдумды біз конституциялық реформалар бойынша өткізген болатынбыз, естеріңізде болса. Ол жердеде халық белсенділік танытып, өз шешімін қабылдаған соң міне, нәтижесін көріп отырмыз. Сондықтан бүгін де референдумге халық белсенді қатысып, болашақта жақсы жетістіктерге жетеміз деген ниеттемін.

Қарақат Әбден, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Осындай референдум елімізде өткен өте дұрыс деп ойлаймын. Біреулер ойлайды оны неге референдумға шығарды екен деп. Дұрыс, референдумға шығарғаны дұрыс. Әр азаматтың дауысы біз үшін өте маңызды деп ойлаймын. Қандай болса да. Біз енді түсіндіру жұмысын, бәрін өткіздік қой. Ол жерде дауысын қарсы бере ме, иә деп қолдай ма, ең бастысы – дауысын беру, өзінің шешімін білдіру.

Ал Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың айтуынша, Қазақстан халқы жалпыұлттық референдум арқылы өзінің даму жолын айқындайді. Бұл – демократиялық қоғамның келбеті дейді ол. 

Ақмарал Әлназарова, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- Қазақстанда болып жатқан осындай үлкен саяси шешімдерді бүгінгі күні халық өзі қабылдап жатыр. Ол әрине, демократиялық жолдағы үлкен жетістіктің бірі деп айтуға болады. Сондықтан бүгін біз осы Қазақстанның болашағы үшін Қазақстанның тұрақтылығы үшін, негізі осы өсміп өркендеу үшін әр қазақстандық өз дауысын беріп жатыр. Мен де бүгін өзімнің дауысымды бердім.