Ақмола облысында референдум барысын 1500 байқаушы бақылап отыр

Ақмола облысында референдум барысын 1500 байқаушы бақылап отыр

Ақмола облысындағы референдум барысын мың жарымға жуық байқаушы бақылап отыр.

Оның басым бөлігі партиялық емес ұйым өкілдері. Мәселен, облыстық әкелер одағының мүшелері саяси науқанға ерекше атсалысып жатыр. Ал одақ төрағасының сөзінше  дауыс беру барысында әзірге ешқандай заңбұзушылық пен қателіктер анықталған жоқ.

Ерлан Зәкириянов, облыстық әкелер одағының төрағасы:

- Біз өз байқаушыларымызды дайындықтан өткіздік. Барлығы 100 пайыз дайындығы бар. Біздің байқаушылар өз құқық міндеттерін біледі. Яғни заңға қайшылық болса блокноттарда актарымыз бар тіркейтін. Байқаушыларды семинарларда практикалық, теориядан өткіздік.