Қызылордада мемлекет және қоғам қайраткері Мұрат Бақтиярұлы дауыс берді
Еліміз үшін стратегиялық маңызды мәселелерді демократиялық жолмен шешу үшін референдумға салған дұрыс шешім.
Бұл мемлекет және қоғам қайраткері Мұрат Бақтиярұлының пікірі. Мұрат Бақтиярұлы Қызылорда қаласындағы нөмірі 198-референдум учаскесінде дауыс берді. Бюллетеньді жәшікке тастағаннан кейін айтулы оқиға туралы өз пікірімен бөлісті.
Мұрат Бақтиярұлы, мемлекет және қоғам қайраткері:
- Тәуелсіз Қазақстан тарихында осы төртінші референдум өткізіп жатыр. Жалпы референдумның өзі Конституциялық негізі бар заңдарды және мемлекеттің үлкен стратегиялық мәселелерді шешуге байланысты, бүкіл халық арқылы шешетін процестерді референдумға салады. Осы референдумға тек бір мәселе салып отыр. Елімізде атом электр станциясын салу қажет пе, қажет емес пе? Әрине оны ат төбеліндей кішкентай биліктегі азаматтардың қабылдауға болар еді. Бірақ бұл үлкен мәселе, бұл халықтық мәселе.