Көкшетауда «Ауыл» партиясының өкілдері дауыс берді
«Ауыл» партиясының 30-ға жуық өкілі Көкшетауда дауыс берді.
Олар қаладағы № 22 референдум учаскесінде таңдауын жасады. Партия төрағасы Серік Егізбаев жергілікті халықтың белсенділігін байқап, саяси науқанның маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ дауыс беру учаскесіндегі референдумға атсалысқан комиссия мүшелері мен байқаушыларға алғысын білдірді.
Серік Егізбаев «Ауыл» партиясының төрағасы:
- Мен өзімнің әріптестеріме, аппарат жетекшілеріне Көкшеге барайық, заң түрінде қаралған тәсілмен дауысымызды сол жерден берейік, Көкше халқының келгенін, олардың көңіл-күйін байқап кетейік сондай мақсатпен келгенбіз. Біз Қазақстан халқымен бірге дауыс беріп, Қазақстанға маңызды, болашаққа байланысты үлкен шешім қабылдап жатырмыз.