«Дауыс» коалициясы: Дауыс беруге кедергі болатын заңбұзушылық болған жоқ
Дауыс беруге кедергі жасайтындай заңбұзушылықтар тіркелген жоқ.
Бұл жөнінде «Дауыс» байқаушылар коалициясының төрағасы Төлеген Күнәділов мәлімдеді. Оның айтуынша, байқаушылар дауыс беру аяқталғаннан кейін де референдум учаскелерінде болып, дауыстарды санау жұмыстарына қатысады. Барлық хаттаманы алып, толық ақпарат жинауы қажет. Әр байқаушы 3 сауалманадан толтырады. Яғни учаскелердің ашылуы бойынша, дауыс беру процесі бойынша және нәтижесі бойынша құжаттарды реттеп, артынша өз бағаларын береді дейді Төлеген Күнәділов.
Төлеген Күнәділов, «Дауыс» байқаушылар коалициясының төрағасы