Астанада exit poll өкілдері белсенді жұмыс істеді
Референдум кезінде экзитпол нәтижесін шығару үшін интервьюерлер белсенді жұмыс істеді.
Әр дауыс беру учаскесінде екі маманнан бекітіліп. сауалнама жүргізді. Олар қанша тұрғын дауыс беруге келгенін есептеп, ақпарат арнайы бағдарлама арқылы кураторларға жіберілді. Осылайша, қанша адамның қалай дауыс бергені жөнінде алдын-ала болжам жасалады Референдумның ресми нәтижесі бұл көрсеткіштен аса алшақ кетпеуі керек.
Алдияр Асылбеков, қоғамдық саяси институтының интервьюері:
- Бірінші интервьюердің жұмысы ол енді адамдардан сұрап шығады. Келісімін және келіспейтінін. Осы атом электр станция құрылысы туралы. Ал екінші интервьюердің жұмысы ол енді толығымен адамдардың келетінін және қазіргі кезде толығымен қанша адам келетінін санап шығуы керек.