Түркістан облысында референдумды 3765 байқаушы бақылады

Түркістан облысында референдум барысын 3765 байқаушы бақылады.

Оның 1838-і «Дауыс» қоғамдық байқаушылар колициясынан болса, 1864-і «Аманат» партиясының өкілдері. Өзбекстаннан келген 2 шетелдік байқаушы да референдум учаскесінде саяси науқанның заң талаптарына сай өтуін қадағалады. Қалған 61 байқаушы өңірдегі түрлі қоғамдық ұйымдардың мүшелері. «Чернобыль ардагерлері мен мүгедектері» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдері де таңертеңнен бері референдум барысын «Дауыс» қоғамдық байқаушылар колициясымен бірге қадағалады.