Мұрат Нұртілеу ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысты
Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Мәскеуде Тәуелсіз мемлекеттер достастығы Сыртқы істер министрлерінің кезекті отырысына қатысты, деп хабарлайды 24kz.
Сыртқы саясат ведомствосының басшылары бірқатар маңызды шешім қабылдады. Атап айтқанда, Еуразия құрлығындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және спорт саласындағы байланыстарды арттыру. Сондай-ақ халықаралық іздеуде жүргендер туралы келісімшартқа өзгерістер енгізу жөніндегі хаттама мен қылмыстық-атқару жүйесіне маман даярлау келісімі бекітілді. Министрлер мақұлдаған құжаттар 8 қазанда Мәскеуде өтетін ТМД саммиті барысында мемлекет басшыларының қарауына ұсынылады.