Сарапшылар пікірі: Референдум сәтті өтті
Референдум – халық үніне құлақ асатын мемлекет қағидатының айқын көрінісі.
Бүкілхалықтық таңдау қорытындыларын талқылау жиынында сарапшылар осылай деді. Олардың пікірінше, қазақстандықтарды энергетикалық жобаны қолдауға жұмылдыра білу бірер күннің шаруасы емес. Бастысы – кез келген елдік маңызы бар бастама аясында қоғам болып жұмылу керек. Сарапшылар комиссиясының талқылауында атом өнеркәсібін дамыту отандастарымыздың әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге бағытталғаны баса айтылды.
Бауыржан Серікбаев, Қазақстандық даму институтының сарапшысы:
- Референдум сәтті, жүйелі өтті деп айтуға болады. Соның нәтижесінде халықтың нақты пікірі, көзқарасы алынды. Алға қарай мемлекеттік комиссия құрылып, осы тақырыпта белгілі бір шешімдер қабылданады деп ойлаймыз. Меніңше, референдумның маңыздылығы жоғары. Барлық демократиялық мемлекеттерді қарасақ, кез-келген күрделі елдік дамуға қатысты мәселелер референдумға шығарылып отырады. Референдумдарды өткізу мемлекеттегі демократиялық құндылықтар, азаматтардың белсенділігін арттыру және тағдыршешті тақырыптарды халықпен кеңесе отырып шешу бағытында жасалып жатқан оң үрдістер деп айтуға болады.
Еркебұлан Амантаев, саясаттанушы:
- Барлық ақпараттық деңгейде қоғамдық талқылау болсын және әлеуметтік жеілер болсын халыққа түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Атом электр станциясы бойынша халық осы мәселеге ой-пікірін білдіре алады. Мемлекет тарапынан және сарапшы, көшбасшылардың тарапынан түсіндірме жұмыстарының жақсы жүргізілгендігінде. Exit poll-дың нәтижесі бойынша электораттың 54%-і қатысты. АЭС бойынша халықтың пікірі оң екенін көрсетті.