ТМД байқаушылары: Референдум ашық өтті
ТМД байқаушылары: Референдум ашық өтті
Бұл жөнінде Тәуелсіз мемлекеттер достастығы байқаушылар миссиясының жетекшісі Леонид Анфимов мәлімдеді. Саяси науқан кезінде ұйымның 74 мүшесі дауыс беру процесін бақылаған. Олар еліміздің үш ірі қаласы мен 6 облысындағы 600-ден астам референдум учаскелеріне барған.
Леонид Анфимов, ТМД Байқаушылар миссиясының жетекшісі тмд бас хатшысының бірінші орынбасары:
- Ұлттық байқаушылармен сөйлескенімізде олар дауыс беру кезінде азаматтар тарапынан, комиссия мүшелері мен өзге де байқаушылардан ешқандай шағым болмағанын айтты. Әріптестерімнің пікірі де осыған келіп саяды. 24 азамат науқан кезінде қоғамдық сауалнама жүргізу тәртібін сақтамай, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізгені үшін әкімшілік жауапқа тартылды.