Қазақстан мен Қатар 9 бірлескен инвестициялық жобаны іске асырады

Қатар мемлекеті елімізде 9 инвестициялық жобаны іске асырады.

Бұл - Қашаған кен орнындағы газ өңдеу зауыттары, Қостанайдағы компрессорлық станция мен магистральді газ құбыры, Ертіс өзеніндегі су электр станциясы, Қызылорда облысындағы электр станциясының құрылысы және сол секілді тағы басқа ірі бастамалар. Бұған шамамен 20 млрд ақш долларындай қаражат тартылады деп күтіліп отыр. Жобарардың құрылысы барысында өңірлерде 14 мың жұмыс орны, іске қосылған соң 3 мың адамды жұмыспен қамту көзделген. Екі ел Үкіметтері арасындағы Келісімді бүгін Парламент Сенаты мақұлдады. Стратегиялық инвестициялық жобаларды іске асыру үшін жабдықтарды, шикізаттар мен материалдар тасымалы кедендік баж салығынан босатылып, инвесторларға заңнамаға сай салықтық жеңілдіктер көрсетіледі. Ал іске қосылған жобалар барлық белгіленген талаптарға сай болуы шарт. Үкімет инвестициялық жобаларды іске асыруға қатысатын шетелдік қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелері үшін визаларды жедел ресімдеуге міндеттеледі.