Сан саланы қамтыған серіктестік
Келіссөздерден кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сердар Бердімұхамедов екі ел арасындағы достықты нығайту және көпжақты стратегиялық серіктестікті тереңдету туралы декларация қабылдады.
Сонымен қатар екі елдің делегация мүшелері үкіметаралық, ведомствоаралық және өңіраралық деңгейдегі 20 құжатқа қол қойды. Сауда-экономика, энергетика, білім және мәдениет пен спорт саласы қамтылды. Ең маңызды уағдаластықтың бірі «QazaqGaz» ұлттық компаниясы мен «Түрікменгаз» мемлекеттік концерні арасында боды. Газ саласын дамыту бойынша стратегиялық ынтымақтастық туралы келісім жасалды.