Талғар қаласының әкімі мен оның орынбасары қызметтерінен босатылды

Талғар қаласының әкімі Қуатбекұлы Бахыт Күрішбеков, Талғар қаласы әкімінің орынбасары Матан Сағындық өз міндеттерін тиісті деңгейде атқармағаны үшін лауазымдарынан босатылды.

Басқа лауазымдағы қызметкерлердің жауапкершілік деңгейі пысықталуда. 

Еске салайық, өткен аптада 16 жасар қала тұрғыны қаскөйлердің қолынан қаза тапқан еді. Жедел-тергеу тобы құрылып, оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Дереккөз: www.gov.kz