БҰҰ бітімгерлік миссиясына әйелдер де қатысады

Әйелдер құқығын қорғап, зорлық-зомбылыққа ұшырауына жол бермей, гендерлік мәселелерге үңіле білу.

Бұл – БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 1325 деп аталатын резолюциясының бір парасы. Еліміздің Қарулы күштері мен Орталық Азияның құзырлы органдары мамандары Бітімгершілік миссиясының орталығында арнайы оқудан өтіп жатыр. Мұнда әйелдердің құқығы, қауіпсіздігі мен гендерлік мәселенің түйткілдері түсіндіріліп, тиісінше әрекет етудің жолдары сарапталады. Бітімгершілік операциялар орталығы сонымен бірге миссияға қатысушы әйелдерді даярлайды. Айта кету керек, бүгінде Қазақстанның атынан жетінші әйел бүгінде БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясында бақылаушы ретінде тартылған. 

Римма Шәкеева, «Kazcent» қазақстандық Бітімгершілік операциялар орталығының аға офицері:

- БҰҰ Бітімгерлік миссиясының операциялары қарапайым халықты қорғау мақсатына негізделген. Оның ішінде ерлер де, әйелдер де, балалар мен қариялар да бар. Демек бұл курс, ер азаматтармен қатар, әйелдер қауымының қажеттілігін бағамдауға арналған. Бір сөзбен айтқанда, әскерилерімізді бітімгерлік миссияға жіберген кезде, барған жердегі ахуалға, онда халықтың мәселесіне қанық болуға тиіс.