Армения президенті Астанада дәріс оқыды
Армения Президенті Ваагн Хачатурян Мемлекеттік басқару академиясының тәлімгерлеріне дәріс оқыды.
Қадірменді мейман елімізде ресми сапармен жүр. Емен-жарқын жүздесуде кәнігі саясаткер ел басқарудағы өзіндік пікірлерімен бөлісті. Сауда секілді экономиканың маңызды салаларынан бастап, қазіргідей аумалы-төкпелі шақта саясатты сауатты жүргізудің жолдарын айтып берді. Дәріске қатысушылар да өз кезегінде тосылып қалмай, толғандырған сұрақтарын қойды.
Ерлан Әбіл, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының ректоры:
- Армения Президенті дәрісінде екі үлкен мәселеге тоқталды. Біріншісі Арменияның даму жолындағы көршілес елдермен логистикалық хаб орнату, басқа елдермен қарым-қатынасы, екіншісі тәртіпті орнату, заң негізінде іс жүргізу. Жалпы кездесу өте өзекті мәселелерне арналғаннан кейін қызықты өтті.