Қазақстанға БРИКС ұйымына қосылу туралы ұсыныстар түсті

Оны мемлекет басшысының өзі мұқият қарастырып отыр және оның тапсырмасы бойынша тиісті ведомстволар елдің ұлттық мүдделері тұрғысынан талдау жүргізіп жатыр.

Бұл жайында Президенттің кеңесшісі әрі Баспасөз хатшысы Берік Уәли Tengrinews сайтына берген сұхбатында айтты. Оның сөзінше, Қазақстан қазір және жақын болашақта БРИКС-ке мүше болуға өтініш беруден қалыс қалады. Бұл ретте бірлестіктің даму перспективаларына қатысты басқа да мәселелерді қараудың көп сатылы процестері ескерілген. Берік Уәлидің айтуынша, мұндай жағдайда қазақ дипломатиясы БҰҰ-ға басымдық береді. Бұл тұрғыда Президент бірнеше рет әлемдегі әмбебап әрі баламасы жоқ ұйым деп те атаған болатын. Сондықтан осы Ұйымда барлық өзекті халықаралық проблеманы, соның ішінде әділетті әлемдік тәртіп құруға қатысты мәселелерді талқылау керек деген ұстанымын білдіргені жұртшылыққа мәлім.