Астанада қазіргі заманның сын-қатерлері талқыланды

Жаһанда орта державалар санатына жататын жиырма шақты ел бар.

Олар қазіргі заманның сын-қатерлеріне қалай төтеп береді? Орта державаларға арналған ортақ платформа бар ма? Астанада Құбылмалы әлем тәртібіндегі орта державалардың рөліне арналған форум өтіп жатыр. АҚШ, Франция, Ұлыбритания, Грузия, Үндістан, Оңтүстік Африка секілді бірқатар елден саясаттанушылар мен іргелі зерттеу ұйымдарының сарапшылары жиылған Орта держава ұғымын талдады. Екі күнге ұласатын іс-шарада халықаралық дипломатия, тұрақтылықты қамтамасыз ету, жаһандық қатерге қарсы стратегия мәселелері талқыланады.