О. Бектенов ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысты

primeminister.kz

Премьер-министр Олжас Бектенов Пәкістан Ислам Республикасының астанасында өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер үкіметтері басшылары кеңесінің 23-ші отырысына қатысты, деп хабарлайды 24KZ.

Жиын барысында Астана саммитінде мемлекеттер басшылары деңгейінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға назар аударылды. Олжас Бектенов жаһандық экономика дамуының баяулауы жағдайында саудадағы тұрақты серпінді қамтамасыз ету мақсатында өсімнің жаңа мүмкіндіктері қажет екенін атап өтті. Өткен жылы Қазақстанның ұйым елдерімен тауар айналымы 6%-ке өсіп, 66,7 млрд долларды құрады. Отырыста қазақстандық тарап қолданыстағы теміржол және автомобиль жолдарын жаңғырту, энергетика және инвестиция салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастықты арттыру қажеттігін атап өтті. Отырыс қорытындысы бойынша 8 құжатқа қол қойылды, оның ішінде ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер арасындағы «Жаңа экономикалық диалогты» дамыту тұжырымдамасы туралы шешім қабылданды.