Орта державалардың әлемдік саясатқа ықпалы. LIVE
Өзгермелі әлемдік тәртіптегі орта державалар.
Елордада өтіп жатқан Astana Think Tank форумы аясында әлемнің салмақты саясаткерлері орта державалардың саясаттағы рөлін, экономикалық ықпалы мен қауіпсіздік мәселелерін талқылап жатыр. Жиының ұйымдастырушысы – Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты.
Айдар Құрмашев, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ бөлім басшысы:
- Қазақстан өзінің ұлттық мүдделерін өз алдына қояды және белгілі бір территориясы, экономикасы, дипломатиялық бастамалары жағынан өзін әлемде жақсы көрсетуде. Сондықтан да халықаралық арена бұны байқауда деп айтуға болады. Қазіргі күні көптеген конструктивті белгілі бір бастамалар халықаралық аренада жақсы қабылдануда деп айтуға болады. Сондықтан да Қазақстанның дауысы естілуде.