Astana Think Tank форумында Қазақстанның орта держава ретіндегі рөлі бағамдалды

Геосаяси ахуал ушыққан тұста орта державалардың бітімгерлік рөлі арта түседі.

Бұл ретте Қазақстанның орны бөлек. Астанада екінші күн қатарынан өтіп жатқан форумға жиылған сарапшылар осындай пікір білдіріп жатыр. 9 түрлі сессияда халықаралық қауіпсіздік бен ынтымақтастық, саяси талдау орталықтарының өзара ықпалдастығы талқыға түсті. Сонымен қатар Орта держава санатындағы елдердің өзара алыс-берісі, көлік қатынасын дамыту мәселесі де сарапқа салынды. Айта кетейік, Астанаға әлемнің 22 елінен 40-тан астам сарапшы келді. Олар халықаралық дипломатия, тұрақтылықты қамтамасыз ету, жаһандық сын-қатерге қарсы стратегиялық шешімдер сияқты өзекті мәселелерді талдайды.

Манас Чавла, London politica консультативтік зерттеу орталығының негізін қалаушы:

- Қазақстан бірқатар мәселеде негізгі рөльге ие екенін айту керек. Ең алдымен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесін сияқты халықаралық институттарда жиі атала бермейтін Орталық Азия елдерінің үнін жеткізуге мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, Қазақстан халықаралық кикілжіңдерде ымыраға шақыратын медиатор ретінде танылып отыр. Осы сияқты түрлі елден сыртқы істерінің ресми өкілдері, академия саласы, консультативті зерттеу орталықтарының сарапшыларын шақырып, орта державалардың бүгінгі әлеуетіне назар аудартқан мына әлемдік форумды ұйымдастырудың өзі көп дүниені аңғартады.

Васу Гоунден, Дауларды конструктивті шешу жөніндегі Африка орталығының атқарушы директоры:

- Қазақстан мен Оңтүстік Африка қатынасына келсек, бірер күн бұрын сыртқы істер министрлігінде көпжақты қатынас жөніндегі сектор өкілдерімен кезедестім. Бүгінде екі жақты ынтымақтастық өте жақсы деңгейде қалыптасқан. Геосаяси жағдайға сияқты мәселелерде БҰҰ сессияларында Қазақстан мен Оңтүстік Африканың ойы бір жерден шығады. ++02:03 – Оңтүстік Африканың ішкі жалпы өнімі 405 млрд доллар, Қазақстанның да ішкі жалпы өнімі жақсы деңгейде. Екі ел де табиғи ресурсқа бай.  Инновация, ғылым, технология саласында жаңалығымыз көп. Қазақстан да цифрландыру жағынан үздіктер қатарында. Осы жерде екі елдің бірлесе отырып, ғаламға қызмет көрсету саласында көп нәрсе ұсына алады.