Астанада Сенат депутаттары 200 көшет отырғызды
Астанада Сенат депутаттары мен Аппарат қызметкерлері 200 көшет екті.
Олар Қонаев, Қабанбай батыр және Достық көшелерінің арасындағы саябақтарға көгалдандыру жұмыстарын жүргізді. Олардың арасында алма, мойыл және ырғай секілді жеміс бұталары бар. Шара «Таза Қазақстан» акциясы аясында өтті. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, мұндай бастама еліміздегі экомәдениетті қалыптастырып, қоғамдық этика мен патриотизмді нығайтуға тың серпін береді.