Премьер-министр Олжас Бектенов мемлекеттік наградаларды табыс етті
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Премьер-министр Олжас Бектенов мемлекеттік наградаларды табыс етті.
Республика күні қарсаңында елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі үшін қоғам қайраткерлері мен мемлекеттік қызметшілер «Барыс», «Парасат» және «Құрмет» ордендерімен марапатталды. Салтанатты шарада премьер-министр жиналғандарды ұлттық мереке – Республика күнімен құттықтады. Президент тапсырмаларын орындау және әділетті Қазақстан құруда мемлекеттік аппараттың тынымсыз жұмысының маңыздылығын атап өтті.