Венгриядағы қыпшақтар Қазақстанды мерекесімен құттықтады
Мажарстандағы қыпшақтар Республика күніне ерекше тарту жасады.
Еуропадағы қыпшақтардың астанасы - Қарсақ қаласының мэрі мен мажар қыпшақтары одағының президенті, парламент депутаты алыстағы ағайынды Ұлық мерекемен құттықтап, тарихи ғимаратта Мемлекеттік туымызды желбіретті. барша қазақ халқына ыстық сәлемімді жолдаймын. Мажарстан мен Қазақстан бауырлас халықтар. Біздің тарихымыз, тіліміз, салт-дәстүріміз 2 елдің арасындағы алтын көпір секілді, бірі шығыста, екіншісі батыста. Біз өзімізді батыстағы қазақтармыз деп жиі айтамыз. Ал қазақтарды шығыстағы мажарлар деп білеміз. Бізді тарих пен бауырластық терең байланыстырып тұр.деді, Мажар қыпшақтары одағының президенті Шандор Ковач.
Шандор Ковач, Мажар қыпшақтары одағының президенті, Парламент депутаты:
"Қазақстанның ұлттық мейрамында Мажарстандағы Қыпшақтар Одағының атынан барша қазақ халқына ыстық сәлемімді жолдаймын. Мажарстан мен Қазақстан бауырлас халықтар. Біздің тарихымыз, тіліміз, салт-дәстүріміз 2 елдің арасындағы алтын көпір секілді, бірі шығыста, екіншісі батыста. Біз өзімізді батыстағы қазақтармыз деп жиі айтамыз. Ал қазақтарды шығыстағы мажарлар деп білеміз. Бізді тарих пен бауырластық терең байланыстырып тұр. Екі мемлекет стратегиялық серіктес. Қазіргі заманда да біз бір-бірімізге арқа сүйейміз, серіктеспіз және мықты одақтастармыз. Ұлттық мейрамдарыңыз құтты болсын, қазақ бауырлар!"