Президент Мемлекеттік Ту көтеру рәсіміне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты.
Республика күніне арналған салтанатты рәсім президент резиденциясының алдында өтті. Алдымен, Қасым-Жомарт Тоқаевқа Құрмет қарауылының бастығы рапорт берді.
Содан соң Президенттің бұйрығымен Мемлекеттік ту көтеріліп, Әнұран шырқалды. Мемлекет басшысы Республика күніне орай өткен салтанатты жиында сөйлеген сөзінде еліміздің Егемендігі туралы декларация қабылданған бұл күнді қасиетті Тәуелсіздігіміздің бастауы деп баға берген болатын. Ұлттық мереке – Республика күнін ресми түрде атап өту осы салтанатты шарадан басталды. Елдің барлық өңірде Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтеді.