Мемлекет басшысы Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
2024 жылғы 29 қазан
Қасым-Жомарт Тоқаев Реджеп Тайип Ердоғанды Түркияның Ұлттық мейрамы – Республика күнімен құттықтады.
Президент құттықтау жеделхатында Түркияның бірлігі мен дамуының бірегей нышаны саналатын бұл күннің мән-маңызы ерекше екенін атап өтті. Сонымен қатар бірлескен күш-жігер арқылы Қазақстан мен Түркия арасындағы стратегиялық ынтымақтастық екі ел игілігі үшін нығая беретініне сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Реджеп Тайип Ердоғанның аса жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс, бауырлас түрік халқына құт-береке тіледі.