Олжас Бектенов ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьерімен кездесті
Қытай азаматтарының қазақстандық органикалық және экологиялық таза ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұранысы жылдан жылға артып келеді.
Мәселен, биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша агроөнеркәсіп саласындағы өзара сауда айналымы 5,8%-ға арқан. Қос елдің сауда-экономикалық ынтымақтастығын дамыту мәселелері Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Цянның кездесуі барысында талқыланды. Тараптар қазақстандық астық, өсімдік және мал шаруашылығы өнімдері экспортын кеңейтіп қана қоймай, дәнді дақылдар өндіретін қазақстандық кәсіпорындарды қытай нарығына шығару үшін аккредиттеу мәселесін алға тартты. Өз кезегінде Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Цян Қытайдың қазақ-қытай стратегиялық әріптестігін тереңдету бойынша екі елдің көшбасшылары ұстанған бағытты одан әрі жалғастыруға ниетті екенін атап өтті. Келіссөздер нәтижесінде бірқатар құжатқа қол қойылды.