Қ. Тоқаевтың мақаласы Le Figaro газетінде жарияланды
«Қазақстан - Францияның стратегиялық әрі сенімді серіктесі».
Осындай атаумен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың франциялық (( Le Figaro )) Ле Фигаро газетінде мақаласы жарияланды. Мақалада, Қазақстан тарапының, Франциядағы атомдық индустрияны қолдау мүмкіндігі туралы жазылған. Алпауыт елдер арасындағы геосаяси жағдайдың тұрақсыздығы кезінде, орта державалардың маңыздылығы зор. Бұл тізімде жан-жалдасушы елдерге, бейтарап алаң ұсынып жатқан Қазақстан Республикасы да бар. Мәселен, Астана процесі Сирия мәселесін шешуге бағытталған. Әзербайжан мен Армения арасындағы кикілжіңді реттеу мақсатында, бейбіт келісім туралы келіссөздер де, Қазақстан бастамасымен жүргізілді. Осындай маңызды сұрақтарда теңдік пен бейбітшілік негізінде мәмілеге келу қағидаты, Астана мен Парижге ортақ құндылық саналады. Экология және тұрақты даму мәселесінде де, қос мемлекет ((One Water Summit)) Уан Уотэр Саммит өткізу бастамасын қолға алды. Бұл шараны биыл желтоқсан айында Президент Эмман-юэль Макронмен бірлесе өткізу жоспарда бар. Форум тақырыбы, су ресурстарын басқарудағы ынтымақтастыққа арналмақ. Жалпы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, біз халықаралық аренада сөзсіз беделге ие, және үлкен дипломатиялық тәжірибесі бар, Франциямен жұмыс істеуге сенімдіміз. Бірге тұрақты және гүлденген әлем құруға, өзара тиімді ынтымақтастықты және жалпыға ортақ прогресті қамтамасыз етуге өз үлесімізді қоса аламыз.
ЦИТАТА
Президент Э.Макронның өткен жылдың қараша айында Астанаға сапары барысында біздің елдеріміз сирек кездесетін металдарды, жаңартылатын энергия көздері және азаматтық атом энергетикасы саласындағы өзара іс-қимылды дамытуға қызығушылық танытты. Бұл біздің стратегиялық әріптестігімізді кеңейту үшін жаңа перспективалар ашады. Жақында тәуелсіз Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясының құрылысы туралы жалпыұлттық референдумның оң нәтижелері болашақта өзара тиімді ынтымақтастық үшін берік негіз қалайды. Әрине бұл жаһандық энергетикалық қауіпсіздікті нығайтуға ықпал етеді.